Главная

Үш дүркін Олимпиада чемпионы қонақта болды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Белорусь елінде еркін күрес шеберлерінің қатысуымен өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Олимпиада ойындарында үш мәрте топ жарған даңқты балуан Александр Медведь ат ізін салды.

Минск шаһарының «Стайки» спорт базасында наурыздың 10-нан бері бірнеше мемлекеттің балуандарының қатысуымен халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтуде. Ұлттық құрама сапында шығысқазақстандық спортшылар да бар. Десе де олар үшін, бапкерлер үшін болған ерекше жайт деп төртжылдықтың басты бәсекесінде үш түрлі салмақта Олимп шыңына шыққан даңқты балуанның келуін айтса болады. Жасы 80-нен асса да, еркін күрес десе көңілі алаң-елең болады әлі де. Александр Медведь спорт базасына келген бетінде өзге елдің спортшыларымен пікір алмасып, бір кездері өзі де осы жерде ірі додаларға дайындық жүргізгенін айтқан екен. Сондай-ақ әйгілі балуан спорт базасының айтарлықтай жаңарып, жыл сайын әр мемлекеттен келетін спортшылардың бас қосатын жері ретінде оң бағасын берді.

Қазір бұл жерде 120-ға жуық еркін күрес шеберлері әзірлік жүргізуде. Бірі Еуропа, бірі Азия чемпионатына қамдануда. Атап айтсақ, Белорусь, Финляндия, Қазақстан, Болгария, Литва, Мажарстан, Ресей, Өзбекстан, сонымен қатар, Украинадан келіп жаттығуда. Оның ішінде, қазақстандық балуандар сәуірде Қытайда өтетін құрлықтық чемпионатта бақ сынайды.

 

Материал wrestdag_rd  дерегімен әзірленді

 

Дата и время публикации: 
21.03.19
Новости
Самой результативной волейболисткой четвертьфиналов стала Александра Мещанинова из "Куаныша".
20.09.2019
ВК «Алтай» вышел в полуфинал Кубка Казахстана, затратив на оформление путёвки менее часа.
19.09.2019
Шығысқазақстандық паралимпиадашылар Ақтөбе қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы еліміздің V Жазғы спартакиадасында сәтті өнер көрсетті.
19.09.2019
Третьим полуфиналистом Кубка Казахстана по волейболу становится ВК «Жетысу».
19.09.2019
Когда писал отчёт о первом соревновательном дне, выразил мысль о том, что ВК «Алматы» усилил свой состав и игру настолько, что вполне способен будет вклиниться в борьбу за награды. Четвертьфинал между «Алматы» и «Куанышем» кое в чём это мнение изменил.
19.09.2019
ВК «Тараз», хоть и проиграл, показал свою лучшую игру в четвертьфинале Кубка Казахстана.
19.09.2019