Главная

Жампоз палуанның жүлдесі үшін

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Семейде Олимпиада және Әлем чемпионы, ҚР Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне грек-рим күресінен жастар арасында республикалық турнир өтті. Екі күнге жалғасқан сайыста бозкілем қожайындары екі жүлдеге иелік етті.

 Бастапқыда бірнеше мемлекеттен палуандар келеді деп күтілгенімен кейін сайыс тек ел көлеміндегі кіл мықтыларды қамтыды. Кіл мықты дегенде, турнирге келген палуандардың басым көбі осыған дейін ел құрамасына іліккен спортшылар.

 Жерлестеріміз жүлдені молынан иеленбесе де, бір салмақта топ жарудың сәті түсті. 60 келіде бозкілемге беттеген Еркебұлан Ардақов жолындағы қарсыластарын қоғадай жапырып, көптен бері қолы жетпей жүрген алтын медальға ие болды. Айтуынша, шешуші сын біршама қиынға түскен.

 – Жыл көлемінде жаттығуларды үзбей, жиі жіберетін олқылықтарға жол бермеуге тырыстым. Финалдағы қарсыласыма осының алдында есе жібергенім бар еді, бұл жолы сәтін салып жеңіске жеттім, – дейді ол.

 Еркебұлан алтын медаль үшін болған белдесуде республикалық спорт колледжінің атынан сынға түскен Абай Оразалының осал тұсын тапты. Ал 55 келіде аймақ намысын қорғаған Айбек Сабырбеков керісінше, аталмыш спорт колледжінің тағы бір тәрбиеленушісі Дәулет Әшірхановтан айласын асыра алмай, күміс жүлде еншіледі. Айта кетейік, Айбек қазір Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алуда. Бұл ретте оқу мен жаттығуларын қатар алып жүрулеріне қолдауларын аямаған ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген мен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы күрес түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жандос Сайхановты айта кеткен орынды.

 Сөйтіп жерлестеріміз ауқымды турнирді бір алтын, бір күміс медальмен аяқтады. Десе де, Семей өңірінің тумасы Асаухат Мұхамадиевтің (63 келі) Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғап, топ жарғаны қуантып қана қоймай, көңілге кірбің салғаны да бар. Осыған дейін жастар арасында «Жылдың үздік палуаны» деген аталымға лайық шыққан спортшы бұл жолы елорда атынан өнер көрсетті. Жалпы, өзге өңірлерден Қостанай, Нұр-Сұлтан қалалары және республикалық спорт колледжінің спортшылары сапалы белдесулер көрсетіп, командалық есепте алдыңғы орындардан көрінді. Енді топ жарып, бапкерлер назарына іліккен «классиктер» еліміздің жастар құрамасына алынады.

 Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

 

 

Дата и время публикации: 
13.03.20
Новости
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021
Вчера в Усть-Каменогорске стартовал крупный республиканский теннисный турнир среди лучших игроков страны в возрасте до 14 лет. Его участниками стали 27 парней и 43 девушки из Усть-Каменогорска, Алматы, Нур-Султана, Караганды, Экибастуза, Актобе, Семея и Уральска.
15.06.2021
Надежда Дубовицкая одержала победу в Чемпионате Казахстана в стиле знаменитой Елены Исинбаевой.
14.06.2021
Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде 74 келіде өнер көрсететін палуандарымыздың бірі алғашқы белдесуінде есе жіберді
09.06.2021