Главная

Жарма ауданында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне турнир өтуде

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне грек-рим күресінен ашық облыстық турнир Жарма ауданының Қалбатау ауылында жалғасын табуда.

Биыл екінші мәрте өткізіліп отырған боз кілем бәсекесінің спортшының туған жерінде өтуі заңдылық. Естеріңізде болса, Жарма ауданынан шыққан сақа балуан өз ауылына спорт кешенін салып, оның ашылуын 2014 жылы өткізген. Сол кезде Дәулет Тұрлыхановпен бірге Александр Карелин, Бахтияр Байсейітов, Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбрайымов және Ольга Рыпакова сынды Олимпиада чемпиондары келіп қатысқан болатын. Спорт кешеніне Болат Тұрлыхановтың есімі беріліп, содан бері көптеген ауқымды сайыстар өткізіліп келеді.

 – Жарыстың мақсаты – әйгілі балуанға деген үлкен құрмет, әрі жас балуандардың аяқ алысын байқау. Биыл өткен жылға қарағанда командалар саны аздау. Дегенмен, бұл жайттар турнирдің маңызына кедергі келтірмеуі тиіс. Алдағы жылдары сайыс шеңбері одан ары кеңи түседі деген сенімдемін, – деді Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерхат Жұмаханов.

Биыл ашық облыстық турнир 195 спортшының басын қосқан екен. Онда Ақмола, Алматы, Павлодар облыстарынан және аймағымыздың түкпір-түкпірінен келіп, өз мүмкіндіктерін байқауда. Үздіктер 11 салмақта белгілі болмақ. Бүгін бес салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі анықталады.

Дата и время публикации: 
17.05.19
Новости
Угадайте, в какой лиге теперь не будет представлена родина казахстанского хоккея?
01.06.2020
Сегодня – три года великому матчу в исполнении женской команды «Алтай».
30.05.2020
Ситуация с послаблением режима карантина довольно странным образом отразилась на спорте. С одной стороны, тренировки не запрещены. Но и в полной мере разрешёнными их назвать довольно сложно.
29.05.2020
Последнее золото Кузнецова, первое золото для «Алтай Атлетикс» и последний триумф «Алтая».
29.05.2020
По подозрению в хищении бюджетных средств во время строительства учебного корпуса новой школы в Риддере задержаны спортивные чиновники
28.05.2020
Вчера стало окончательно известно о том, что Александр Шин и Евгений Рымарев впервые с сезона 2014/15 проведут хоккейный год в разных командах. Кто из них потеряет от этого разделения больше?
27.05.2020