Главная

Жауапты жарысқа жолдама алды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Данияр Қайсанов, Расул Қалиев, Олег Болтин… Осы аталған үш оғлан елордада өтетін күрес түрлерінен Әлем чемпионатында Ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Айтулы аламанда бақ сынайтын спортшылар тізімі жуырда ғана белгілі болған-ды.

 Бапкерлік құрам тамыздың 13-і күні елімізде өтетін байрақты бәсекеге төрт салмақта іріктеу жасаған еді. Атап айтсақ, 65 келі, 86 келі, 92 келі және 125 келі. Соның ішінде 86 келіде семейлік Азамат Дәулетбеков жолдама алу үшін алматылық Әділет Дауланбаевпен күш сынасты. Спортшылар екі жеңіске дейін белдесті. Ресми күрес парақшасы дерегіне сүйенсек, табанды текетірес нәтижесінде алматылық палуанның басым түсті. Алғашқы белдесу – 5:4, екіншісі – 8:5 есебімен аяқталып, Дауланбаев 86 келіде ел намысын қорғайтын болды. Ал тағы бір кездесуде Олег Болтин ақтөбелік Юсуп Батырмырзаевтан басым түсіп, Ұлттық құрама сапынан орын алды. Ал оған дейін 61 келі мен 74 келі дәрежесінде жармалық Расул Қалиев пен көкпектілік Данияр Қайсанов жолдама алып қойған болатын.

 Осылайша қыркүйектің 14-22 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін күрес түрлерінен Әлем чемпионатында үш салмақта шығысқазақстандық спортшылар өз мүмкіндіктерін байқайды. Айта кетейік, жерлестеріміздің ойдағыдай оқу-жаттығу жиындарын өткізуде облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы басшылығының қолдауын айта кетпеске болмас.

 

 

 Фото inbusiness.kz сайтынан алынды

 

 

Дата и время публикации: 
15.08.19
Новости
В Усть-Каменогорске стартовал крупный республиканский турнир II «Алтай Жулдызы» среди ребят 2004 г. р. и младше.
12.11.2019
Для Олимпийской Чемпионки в тройном прыжке исключение её вида из программы самого крупного коммерческого старта на планете стало большим сюрпризом.
11.11.2019
Третий соревновательный день Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса показал, что в лиге нет ни одной команды, которая бы уже сдалась или же что-то себе гарантировала. А если бы букмекеры принимали ставки на матчи Лиги, то это принесло бы им немалый доход, потому что неожиданностей здесь было более чем предостаточно!
11.11.2019
Кеше ұзын-ырғасы 220 жеткіншек Ұлан ауданының Мамай батыр ауылында еркін күрестен Өмірбек Мұзапарұлын еске алуға арналған ашық облыстық турнирде бас қосты. Аталмыш сында жүлделі орындар 11 салмақ дәрежесінде сарапқа салынған еді.
10.11.2019
Победителями международного теннисного турнира ITF Junior G3 Ust-Kamenogorsk стали главные его фавориты.
09.11.2019
Ковать будущие победы женской волейбольной команде «Алтай» будет новый-старый главный тренер клуба.
07.11.2019