Главная

Жерлесіміз Әлем чемпионатына қатысты жоспарымен бөлісті

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Еркін күрестен Ұлттық құрама мүшесі риддерлік Олег Болтин елордада өтетін Әлем чемпионаты алдындағы әзірлігі жайлы ой бөлісті.

 Алыптар арасындағы белдесуде жерлесімізге оңай соқпасы анық. Саралай келсек, кіл мықтылар: грузиялық Гено Петриашвили, Түркияның үздігі Таха Акгуль, Аспанасты елінің үкілеген үміті Денг Живей… тағысын тағы. Осы ретте жүлде үшін талас жүргізудің қамымен Олег Болтин шеберлігін Жапонияда пысықтауда. Zakon.kz сайтына берген сұхбатында алға қойған мақсаты, әзірлік барысы жайлы ойын ортаға салған болатын.

 – Бұл жақтағы оқу-жаттығу жиынымыз екі аптадай мерзімге созылуда. Кейбір олқылықтардың орнын толтырып, белдесулер өткіздік. Бұл жерде 10-ға тарта мемлекеттің құрамалары дайындық жүргізуде. Жеке бапкерлеріміз де білгенін айтып, бағыттарын беріп жатыр. Қатты қобалжу сезілмейді. Бір жағынан достарым мен жақындарым да билет алып, келіп қолдау танытпақ. Тек оларды емес, барша қазақ жанкүйерін жүлде алып қуантсам деймін. Жапонияда жиі дайындаламын. Жергілікті халық ауыз толтырып мақтанатын палуандары жетерлік. Солармен қоян-қолтық жұмыс істеп, жоғары дайындықпен келуім тиіс, – деді риддерлік спортшы.

 Естеріңізге сала кетейік, Олег Болтин соңғы уақыттарға дейін өзінің Әлем чемпионатына қатысу-қатыспау жағын білмеген еді. Тек қорытынды белдесуден кейін құрама сапына алынған. Ақтөбе облысының өкілі Юсуп Батырмұрзаевпен болған кездесуде жалпы есепте 2:1 есебімен ұтып, жеңісті жұлып кетті.

 Фото olympic.kz сайтынан

 

 

Дата и время публикации: 
12.09.19
Новости
Меньше суток остаётся до старта элитного дивизиона любительского волейбола ВКО. Суперлига возьмёт старт в спортивном сооружении с приставкой «супер» в новеньком ФОКе в райцентре Глубоковского района.
18.10.2019
Жұрт арасында белгілі бір қашықтыққа зат қойып, соған тигізуге талпынып, өз мергендігін сынап жүргендер жетерлік. Кәнігі нысананы орнында тұрып-ақ көздеудің өзі мүмкін болмай жататындығын ескерсек, жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келе жатып мұны орындау – анау айтқандай оңай іс емес. Айтпағымыз, республика көлемінде уақыт өткен сайын адымын ұзартып, құлашын кеңге жайып келе жатқан жамбы ату спорты жайлы. Нақтырақ айтсақ, осынау ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған тұңғыш ел чемпионатында топ жарып, күллі көрерменді жарқын жеңісімен таңқалдырған жерлесіміз Ерлан Юсуповқа тоқталмақпыз. Ұлан ауданының Сағыр ауылынан шыққан жамбы атудың һас шеберімен жолығып, сұхбаттасқан едік.
18.10.2019
Подопечные итальянского тренера Луки Кьяппини проиграли самый важный турнир сезона.
18.10.2019
Вице-мисс Усть-Каменогорск-2017 возглавила группу поддержки «Торпедо» «Даймондс». Ну и попозировала для нашего сайта.
17.10.2019
Күні кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында дзюдо күресінен өткен жасөспірімдер және жастар арасында Азия Кубогінде семейлік татами шеберлері үздік нәтиже көрсетті.
17.10.2019
Семейлік спортшылар Ташкент қаласында өткен самбо күресінен жастар және жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Байрақты бәсекеде Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының қос спортшысы күміс және қола жүлдеге ие болып, тұғыр сатысынан көтерілді.
17.10.2019