Главная

Жерлесіміздің жемісті еңбегі

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Күні кеше Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында мәресіне жеткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты отандастарымыз үшін сәтті аяқталып, спортшылар алты мәрте еліміздің Әнұранын шырқатты.

Алты алтын, бір күміс және екі қола. Бұл жетістікті сайыс біткен соң саралап, медальдар көрсеткішін өздерінше салыстыруды жөн көргендер де жоқ емес-тін. Белгілі болғаны, Азия чемпионатындағы биылғы нәтиже 2005 жылдан бері есептесек, жүлделер сапасына қарай төртінші көрсеткіш екен. Аса табысты өнер көрсеткен жыл –  2006, 2007 жылдар. Себебі бұл уақытта жастарымыз жеті алтыннан олжалаған. Қош, осы жолғы нәтиженің өзін жоғары деуге толық негіз бар. Бір жағынан ақтық сында үш мәрте өзбек боксшыларынан басым түсіп, мерейіміз тасыды. Маңыздысы сол, мұндай көрсеткіштің артында жерлесіміз, білікті бапкер Қайрат Сатжановтың тұрғанын айта кеткен абзал. Бұл азамат – жастар арасында еліміздің аға жаттықтырушысы қызметінде. Осындай айтулы аламандарда талай жастарымыздың томағасын сыпырып, үздік нәтиже көрсетулеріне сүбелі үлес қосып келеді.

Фото еліміздің бокс федерациясы сайтынан

Дата и время публикации: 
18.11.19
Новости
Мұны естігенде кімнің болсын бойы шымырлап, аса епті қимылдарын көріп таңдай қағатын жандардың табылары сөзсіз. Тумысынан аяғы жоқ бұл спортшы алдына тау мақсат қойып келеді.
29.07.2020
Әлем чемпионатының жүлдегерлері наурыз айында республика бойынша Төтенше жағдай режимі жарияланғанда туған жеріне келіп, бір мезет ауылдастарымен жүздесіп, мәре-сәре болған еді. Айтпағымыз, үржарлық Алмат Кебіспаев пен командалас досы Қорлан Жақанша жайлы. Сол шектеу шаралары кезінде берген сұхбатының бір бөлігін кеш те болса ұсынуды жөн көрдік.
24.07.2020
Хоккейный клуб «Торпедо» по согласованию с руководством Восточно-Казахстанской области приняло решение об отмене платы за занятия хоккеем в группах набора детско-юношеской хоккейной школы, сообщает altaynews.kz
23.07.2020
Иә, дәл осы жағдай төңірегіндегі оқиға желісі сан түрлі құбылуда. Жазғы Олимпиада ойындары тарихында екі спортшының бірдей чемпион деп танылып, алтын медаль иеленген сәтін естіп пе едіңіздер? Ендеше бірнеше күн бұрын Біріккен Күрес Әлемі осындай тарихи шешім қабылдады.
23.07.2020
Подписан контракт с нападающим Владимиром Пешехоновым, выступавшим в прошлом сезоне в составе московской «Звезды».
21.07.2020
В канун празднования Дня столицы на лыжном стадионе в Риддере состоялось торжественное открытие стрельбища для биатлонистов.
21.07.2020