Главная

Жерлестеріміз абыройды асқақтатты

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Маусымның 7-9 аралығында Орал қаласында өткен дзюдодан еліміздің V Жазғы Спартакидасында шығысқазақстандық татами шеберлері үздік нәтиже көрсетті.

 

Бұл жолы бас бапкер Бақытбек Дуанов баптайтын спортшыларымыз түрлі медальдар жиынтығын иемденіп, Шығыс өңірінің дзюдосы өрлеп тұрғанын кезекті рет дәлелдеді. Өзінің бір сөзінде, аймағымыздың татами шеберлерімен республикадағы спорт мамандары тегіс санасады дегені бар еді. Сол пікірі біздің сөзімізге де дәлел. Өңір намысын 13 саңлақ қорғаған-ды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұзын-ырғасы 190-ға жуық дзюдошы біршама тартысты кездесулер байқатты. Алғаш болып алтын жүлдені 66 келідегі жерлесіміз Төлеген Нұралиев қоржынға салды. Ақтық сындағы қарсыласы алматылық Ғұмар Қырғызбаев болды. Қырғызбаев та едәуір азулы дзюдошы. Не дегенмен, халықаралық додалардың талайына қатысқан тәжірибелі палуан ғой. Алайда, шығысқазақстандық спортшыға еш шара қолдана алмай, күміске қанағат тұтты. Бұдан кейін жүлделер легін 73 келідегі Мадияр Сембаев жалғады. Ол жартылай финалда батысқазақстандық Аңсарбек Ғайнуллиннен сүрініп, тек қола медаль үшін татамиге көтерілуге мүмкіндігі болды. Мұнда Алматы облысының өкілі Ілияс Нүсіпбаевтан басым түскен-ді. Жігіттерімізден екінші алтынды 100 келіден жоғары салмақтағы Әділ Оразбаев әперді. Ақтық сында қызылордалық Айбек Серікбаевке еш мүмкіндік қалдырмады.

 

Келесі болып, бұрымдылар тұғырға көтерілді. Жас болса да, 63 келідегі Кристина Сотникова тамаша өнер көрсетті. Әйелдер арасында өзіндік күресу мәнерін көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Ақтық сын жолдамасын сарапқа салар белдесуде Нұр-Сұлтан қаласынан келген Алтынай Хабиден айналып өте алмады. Ал кіші финалда шымкенттік қарсыласының осал тұсын тауып, үшінші орыннан көрінді. Одан ары кезекті алтынды 70 келіде Зере Бектасқызы, ал күміс жүлдені 78 келі дәрежесіндегі Назерке Тілеуханова мойынға ілді. Сөйтіп, үш алтын, бір күміс және екі қола медальі бар ШҚО дзюдошылары жекелей жүлделермен жалпыкомандалық есепте көш басына шықты.

 

Өкініштісі сол, аралас-командалық сайыста жерлестерімізге жүлде бұйырмады. Бұл ретте Алматы облысына тең келері болмады.

 

 

 

Фото Kaz_judotеam парақшасынан алынды

 

 

Дата и время публикации: 
10.06.19
Новости
Меньше суток остаётся до старта элитного дивизиона любительского волейбола ВКО. Суперлига возьмёт старт в спортивном сооружении с приставкой «супер» в новеньком ФОКе в райцентре Глубоковского района.
18.10.2019
Жұрт арасында белгілі бір қашықтыққа зат қойып, соған тигізуге талпынып, өз мергендігін сынап жүргендер жетерлік. Кәнігі нысананы орнында тұрып-ақ көздеудің өзі мүмкін болмай жататындығын ескерсек, жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келе жатып мұны орындау – анау айтқандай оңай іс емес. Айтпағымыз, республика көлемінде уақыт өткен сайын адымын ұзартып, құлашын кеңге жайып келе жатқан жамбы ату спорты жайлы. Нақтырақ айтсақ, осынау ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған тұңғыш ел чемпионатында топ жарып, күллі көрерменді жарқын жеңісімен таңқалдырған жерлесіміз Ерлан Юсуповқа тоқталмақпыз. Ұлан ауданының Сағыр ауылынан шыққан жамбы атудың һас шеберімен жолығып, сұхбаттасқан едік.
18.10.2019
Подопечные итальянского тренера Луки Кьяппини проиграли самый важный турнир сезона.
18.10.2019
Вице-мисс Усть-Каменогорск-2017 возглавила группу поддержки «Торпедо» «Даймондс». Ну и попозировала для нашего сайта.
17.10.2019
Күні кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында дзюдо күресінен өткен жасөспірімдер және жастар арасында Азия Кубогінде семейлік татами шеберлері үздік нәтиже көрсетті.
17.10.2019
Семейлік спортшылар Ташкент қаласында өткен самбо күресінен жастар және жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Байрақты бәсекеде Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының қос спортшысы күміс және қола жүлдеге ие болып, тұғыр сатысынан көтерілді.
17.10.2019