Главная

Жерлестеріміз Бразилияға бармады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бұл күндері Бразилияның астанасы Бразилиа қаласында дзюдодан кезекті «Grand Slam» әлемдік турнирі өтуде. Алайда шығысқазақстандық татами шеберлері бұл жолы жүлде үшін талас жүргізбеді.

 Бапкерлік құрам осы жолы Ұлттық құрама сапын айтарлықтай қысқартқан. Тіпті спортшылар қатары едәуір сирек. Бас-аяғы екі дзюдошы. Атап айтсақ, 60 және 66 келі салмақтағы татами шеберлері. Өкініштісі сол, сайыстың алғашқы күні, яғни кеше екі салмақта сарапқа салынған жүлделі орындардан қос спортшымыз да шет қалды. Оның ішінде, 60 келіде Бауыржан Нарбаев және 66 келі салмақтағы Сұңғат Жұбатқан. Осыған дейін жауапты жарыстарда жерлесіміз Ерлан Серікжанов белдескен салмақта Сұңғат үшінші айналымда сүрінді. Қарсылас татами иесі Дэниел Гаргнин болды. Тең дәрежеде өткен кездесуде бразилиялық дзюдошы ескерту қағазы арқылы ғана жеңіске жетті.

 Отандастарымыз жүлдеден бөлек, алғашқы үштікке енген спортшыларға тиесілі рейтингілік ұпайлардан да қағылды. Аталмыш дода қазанның 8-і күні аяқталмақ.

 

Фото ресми дзюдо Федерациясынан

 

 

Дата и время публикации: 
07.10.19
Новости
Обладательница пяти действующих рекордов Казахстана в беге на различные длинные дистанции Наталья Вагнер (Сорокивская) поделилась впечатлением от сбора, который они вместе с мужем знаменитым немецким тренером Фолькером Вагнером ведут в Усть-Каменогорске для сильнейших молодых стайеров Казахстана.
28.09.2020
Кошелев не смог порадовать ни болельщиков «Магнитки», ни фанатов «Авангарда».
28.09.2020
Чикенов, GGG от лёгкой атлетики и суперзвезда волейбола.
28.09.2020
Супердерби двух мастодонтов ВХЛ завершилось сегодня в Нефтекамске. Гостевую победу «Югра» одержала не в последнюю очередь благодаря Евгению Рымареву.
27.09.2020
«Кыран» обыграл «Алтай», отыграв пятую игру подряд «на ноль».
27.09.2020
«Даллас» выиграл пятый матч серии финала Кубка Стэнли благодаря характеру и игре уроженца Усть-Каменогорска на последнем рубеже обороны.
27.09.2020