Главная

Жерлестеріміздің тарихи жетістігі

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жерлестеріміздің сәуір айындағы байрақты бәсекелерде бәсі жоғары болып тұр. Дзюдошылар мен балуандардан бөлек, каратэшілер де қоржындарын кезекті жүлделермен толықтырды.

Киокушинкай-кан каратэ спортында жастар мен жасөспірімдердің аяқ алысы көңіл қуантады. Өткен демалыстарда шығысқазақстандық спортшылар «күн шығыс» елінің астанасы Токиоға барып келген еді. Не үшін дейсіздер ғой? Құрамында 15 спортшысы бар ел құрамасы жоғары дайындықпен жыл сайынғы Әлем чемпионатына жол тартқан-ды. Оның ішінде, төртеуі шығысқазақстандық жеткіншектер. Оларды білікті бапкер Руслан Алшымбаев баптап апарды. Мұнда балалар, жасөспірімдер, қыздар, сондай-ақ жастар өз мүмкіндіктерін байқады. Үздіктер кумитэ және ката түрлері бойынша белгілі болды. Жерлестеріміздің тек біреуі ката тәртібінде бақ сынаса, қалғандары тиісінше кумитэ бойынша жарыс жолына шықты. Маңыздысы сол, жерлестеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, аталмыш спорттағы мемлекетіміздің қарқынын байқатты. Әлижан Магадиев 10-11 жас аралығында 38 қатысушының арасынан тоғызыншы орын иеленіп, әлемдегі үздік 10 каратэшінің қатарына енді. Мұндай нәтиже Әлижанға шілде айында өтетін Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік берді. Кумитэ тәртібінде Бекарыс Сержанов пен Индира Чентаевалар төрешілер шешімімен қарсыластарына жол берсе де, қойылған жоспарды орындай білген екен.

Ал жанкүйерлерге біршама таныс болып қалған Жанель Едлипова, тіптен жүлдегер атанды. 13-15 жас аралығында 45 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз қола медальды қоржынға салды. Бұл өңір бойынша ғана емес, киокушинкай-кан каратэ тарихындағы Әлем чемпионатында еліміз иеленген тұңғыш медаль! Абсолютті салмақта әйелдер арасында бұрын-соңды ешкім жүлде алып көрмеген екен.

  – Бапкерлердің бірлесе атқарған жүйелі жұмысының нәтижесі осы бәсеке арқылы аңғарылғандай. Демек, мұның алдында жүргізген ауқымды оқу-жаттығу жиындары мен төккен тердің зая кетпегені. Ешбірі де аянып қалмады, – деді Киокушинкай-кан каратэден облыстың аға жаттықтырушысы Руслан Алшымбаев.

Осы орайда, жаттықтырушылар Жанельдің ата-анасына аймақ басшылығы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қолдау танытқандықтарына алғыс білдіруде. Сондай-ақ талантты спортшымен бірге сапалы әзірлік жүргізген жеке бапкері Рустам Чентаев пен жоғарыда аталған аға жаттықтырушы Руслан Алшымбаевтың еңбегін атап өткен абзал.

 

 

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды 

Дата и время публикации: 
24.04.19
Новости
Вчера поздно вечером в Будапеште завершился первый этап командных соревнований по фехтованию на шпагах. Сегодня будут разыграны награды, однако в дележе медалей сборная Казахстана, увы, не поучаствует.
22.07.2019
Результат, как говорится, налицо. Впрочем, не только на лицо.
21.07.2019
Молодёжная сборная Казахстана поражением завершила выступление на Чемпионате Азии.
21.07.2019
В Будапеште постепенно подходит к концу Чемпионат мира по фехтованию. Двое фехтовальщиков на шпагах из Усть-Каменогорска сумели проявить себя наилучшим образом на этом первенстве.
21.07.2019
Пару дней назад пришла приятная новость о том, что в родной город как минимум на один сезон вернётся центрфорвард Дмитрий Гренц. Сможет ли он нивелировать переход в «Барыс» Аркадия Шестакова?
20.07.2019
Двое представителей профессионального клуба «Алтай Атлетикс» помогли казахстанской эстафете обновить один из самых старых рекордов страны.
20.07.2019