Главная

Жерлестеріміздің жолын ресейліктер кесті

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Ақпанның 22-24 аралығында Германия жерінде дзюдодан кезекті «Үлкен Дулыға» турнирі өтті. Өкінішке орай, ауыр салмақта сынға түскен жерлестеріміз медаль ала алмады.

Сайыс нүктесін 100 келіден жоғары салмақтағы қатысушылар қойды. Бір өкініштісі, бұл салмақта медаль алудың реті болмады. Қарсыластар расымен де азулы. Жапония, Нидерланды, Моңғолиядан келген татами шеберлерінің қарқыны қатты болды.

Семейлік Ерасыл Қажыбаев белдесуді жап-жақсы бастаған болатын. Бірінші айналымда Белорусь елінің үздігі Владислав Церпицкийді белсенді қимылының арқасында қапыда қалдырды. Бірақ келесі айналымда ресейлік Инал Тасовпен жолы түйісіп, одан айласын асыра алмады. Әдіс жасауға сан рет талпынды. Алайда белдесудің екінші жартысында Ерасылдың қателігін аңдып баққан Тасоев қарсы әдіс қолданып, онысы таза жеңіске бағаланды. Шығысқазақстандық тағы бір дзюдошы Әділ Оразбаев алғашқы айналымда-ақ Ресей елінің тағы бір өкілі Антон Кривобоковқа қарсы шара қолдана алмады. Бұл жерде де Әділ қарсы әдіске түсіп қалды. Өз кезегінде бұл салмақта «күн шығыс» елінің өкілі Хисаеси Харасава топ жарды. Күміс медаль ресейлік Инал Тасоевқа бұйырса, жүлделі үштікті Дууренбаяр Ульзибаяр (Моңғолия) мен Хеги Стефан (Австрия) түйіндеді.

Бұл ғана емес, осы жолы Дюссельдорф татамиінде ел намысын қорғаған 14 спортшының бәрі де жүлдесіз қалды.

 

Фото www.ijf.org сайтынан алынды

Дата и время публикации: 
26.02.19
Новости
В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир на призы теннисного центра «SMASH». Финалы получились яркими - завершающей вспышкой.
18.06.2021
Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады.
18.06.2021
В Усть-Каменогорске определились финалисты одиночного разряда республиканского турнира на призы теннисного центра «SMASH».
17.06.2021
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021