Главная

Жұпардың жауырынын жер иіскету мұң болды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық бұрымды Жұпар Төлеубекова 23 жасқа дейінгі жастар арасында әйелдер күресінен өткен ел чемпионатында топ жарды.

Мақсат Ашимановтың қол астында жаттығатын спортшы барлық айналымда қарсыластарынан бір бас жоғары болды. Әсіресе финалдық кездесуі аса тартысты өтті. Алма-кезек ұпай алған Жұпар әр кезеңде ұпай алып, басымдығын одан ары бекіте түсті. Ел чемпионаттарында сәтті өнер көрсетіп жүрген жерлесімізге Степногорск шаһарында осы жолы 59 келі салмақта топ жарудың сәті түсті. Бапкерлердің айтуынша, мұндай тамаша нәтижеге жаттықтырушылардың бірлесе атқарған жүйелі жұмысы негіз болған. Аталмыш додада тағы бір жерлесіміз Құралай Нұрмұханбетованың да өнер көрсеткенін айта кеткен орынды.

 

Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
09.07.19
Новости
Волейбольный клуб «Алтай» сменил свой логотип на более современный, как считают его сотрудники.
19.07.2019
Статистика волейболисток сборной Казахстана в противостоянии с представительницами Северной Кореи.
19.07.2019
Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
19.07.2019
Похоже, что воспитанникам усть-каменогорской школы хоккейных вратарей снова места в воротах «Торпедо» не найдётся.
18.07.2019
На днях в Бангкоке состоялся 93-й Совет Азиатской Ассоциации лёгкой атлетики, который стал во многом историческим для Казахстана.
18.07.2019
Шығысқазақстандық жеткіншектер елордада өткен «Astana Open – 2019» республикалық балалар кубогінің IV кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
18.07.2019