Главная

Жылқайдаров қола жүлдегер

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Ресейдің Қазан қаласы еркін күрестен 21 жасқа дейінгі жеті мемлекеттің кіл мықтыларын жинап, ауқымды аламан өткізді. Аталған сында жерлесіміз Айдос Жылқайдаров та бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ел құрамасы сапындағы палуандар аянып қалмады. Әр кездесуінде жарқын белдесулер көрсетіп бақты. Дей тұрғанмен әр салмақта кемі 3-4 мықтының болғаны рас. Алтын медальдің көбін дағыстандықтар қидай сыпырды. Тағы екеуі Әзірбайжан елінің атынан шығып, топ жарды (86 және 92 келіге дейінгі салмақта: Абубакр Абакаров пеп Осман Нурмагомедов).

Ал ел намысын қорғаған 10 палуанның ішінде үш спортшымыз жүлдегерлер үштігін түйіндеді. 70 келіде екі дүркін ел чемпионы атанған катонқарағайлық Досжан Әсетов тұғыр сатысынан тыс қалса, 74 келіге дейінгі салмақта Айдос Жылқайдаров қола жүлдеге қол созды. Риддерлік спортшының Беларусь елінің өкіліне жасаған әдісі сайыс көркін қыздыра түсті. Жалпы, осы салмақта Чермен Валиев (Ресей) топ жарса, жерлесіміз жол берген белорусьтік спортшы күміс медальға ие болды. Айта кетейік, бірқатар салмақта қатысушылар саны аз болғандықтан белдесулер айналмалы жүйе бойынша өтті.

Бұдан бөлек, 79 келіге дейінгі салмақта жамбылдық Дәулет Ергеш пен Юнус Гафуров (92 келіге дейін) үздік үштікті түйіндеді.

Дата и время публикации: 
07.09.21
Новости
ШҚО палуандары Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы республикалық турнирде төрт медаль иеленді.
22.09.2021
Мұндай нәтижеге Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктердің әсер еткені сөзсіз
14.09.2021
Аталған жарыста жерлестеріміз түрлі медальдар жиынтығына қол жеткізді.
13.09.2021
Шығысқазақстандық палуандар Нұрсұлтан Тұрсынов пен Алмат Кебіспаев Норвегияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
08.09.2021
Ресейдің Қазан қаласы еркін күрестен 21 жасқа дейінгі жеті мемлекеттің кіл мықтыларын жинап, ауқымды аламан өткізді. Аталған сында жерлесіміз Айдос Жылқайдаров та бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
07.09.2021
Похоже, что 9 лет тёмных времён для велоспорта Восточно-Казахстанского спорта подошли к концу – усть-каменогорская велосипедистка сенсационно выиграла бронзовую медаль юниорского Чемпионата Мира на треке.
06.09.2021