Главная

41 ұпаймен көш бастады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскемендегі футболдан әуесқой командалар арасындағы қалалық Біріншілікте биыл жаңа жеңімпаз. Өткен демалыста шаһардағы «Восток» алаңында үздіктер есімі анықталды.

Еліміздің футбол Федерациясы салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатымен жыл сайын аймақтарда бұқаралық футбол аптасын өткізуді әдетке айналдырып келеді. Сол дәстүр биыл да жалғасын тауып, түрлі сайыстар айтарлықтай жоғары деңгейде өрбіді. Биыл атаулы шара қыркүйектің 23-30 аралығына сәйкес келіп, күн райының күрт суытқанына қарамай қатысқан әр команда асқан жанкештілік танытып, соңына дейін барын салып ойнады. Алдымен футболдан әуесқой командалар арасындағы қалалық Біріншілікке тоқталып өтейік. Бұл жерде үшінші орын үшін кездесу «Марқакөл» және «Имсталькон» командалары арасында өткен. Кімнің асығы алшысынан түссе, сол Біріншіліктің қола медальіне қол жеткізетін еді. Қос тарап та шабуылда белсенділік танытып, қақпаларын алма-кезек қыспаққа алып, соққыларын қарша боратты. Десе де сауатты қорғана жүріп, шабуылға лап қойған «имсталькондықтар» әр соққысынан нәтиже шығаруға тырысып, аса сенімді өнер көрсетті. Нәтижесінде есеп 5:2 болып аяқталып,  «Имсталькон» ұжымының пайдасына шешілді. Ал ақтық сында «Востокцветмет» және «Риддер ЛНП» командалары жолықты. Биыл «Риддер ЛНП» аяқдопшыларының қарқыны қатты. Жолындағысын ығыстырып, шешуші ойында «ВЦМ» командасынан 6:2 есебімен басым түскен олар қалалық Біріншілікте топ жарды. Айта кетейік, бұл ретте барлық ойында қарсылас қақпасынан 18 мәрте саңылау тапқан Андрей Пустовалов (Риддер ЛНП) айрықша ойын мәнерін көрсетті. Одан бөлек, ақтық сында «ВЦМ» қақпасына үш гол салды. Сайыс қорытындысында төрешілер тарапы келесі ойыншыларды үздік деп таныды:

 

1. «Үздік қақпашы» – Рамазан Мусин (Риддер ЛНП)

2. «Үздік қорғаушы» – Медет Тукеев (ВЦМ)

3. «Үздік жартылай қорғаушы» – Антон Быков (Риддер ЛНП)

4. «Үздік шабуылшы» – Марат Ахмадиев (Имсталькон)

5. «Үздік сұрмерген» – Андрей Пустовалов (Риддер ЛНП)

 

Турнир кестесі:

1. Риддер ЛНП – 41 ұпай

2. Востокцветмет – 37 ұпай

3. Имсталькон – 29 ұпай

4. Марқакөл – 24 ұпай

5. ВКМЗ-Меркурий – 23 ұпай

6. Зайсан – 13 ұпай

7. Глубокое – 8 ұпай

8. УССО МВД ВКО – 7 ұпай

9. Жарма – 1 ұпай

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
02.10.19
Раздел: 
Новости
Три дня назад мировое спортивное сообщество просто ахнуло от удивления – впервые в истории человек сумел пробежать марафонскую дистанцию 42 км и 195 м менее чем за два часа. Как оказалось, к этому историческому свершению имеет отношение и Усть-Каменогорск.
15.10.2019
Детский тренер из Усть-Каменогорска отсудил своё право на работу в хоккейной школе «Торпедо» у ТОО «Алма-Сервис».
15.10.2019
Ұлан ауданының тумасы Ерлан Сейілханов Мароккода өткен дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды.
15.10.2019
«Торпедо» берёт реванш у «Металлурга» благодаря двум шайбам новичка команды и лиги в целом, а также одной шайбе самого преданного игрока клуба.
15.10.2019
После первого тура из-за неявки на игру команды "ТМК" лидером Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса с абсолютными показателями стал "1С-Рейтинг". Вся борьба ещё впереди.
14.10.2019
Самые яркие высказывания о старте нового сезона любительского волейбола Усть-Каменогорска.
14.10.2019