Главная

Қос лига тартысында кімнің бағы жанды?

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өткен демалыс күндері шағын футболдан Бірінші және Екінші лига кездесулері өз мәресіне жетті. Турнир кестесіне мән берсек, Бірінші лигада алдыңғы екі орында тұрған командалар өзгелерден анағұрлым ұзап кеткендігін байқауға болады.  

 Бірінші лигада он алты ойын өткізген «Кристалл» командасы 39 ұпай жинап көш басына шықса, «Риддер» футболшылары 35 ұпаймен жүлделі екінші орыннан көрінді. Ал Глубокое ауданының намысын қорғаған «Айтиэл» ойыншылары үздік үштікті қорытындылады. Мұнда жоғары деңгейлі ойын көрсеткен қатысушыларды төрешілер төмендегідей анықтады:

 1. «Үздік шабуылшы» – Данилл Берестов (Айтиэл Group)

 2. «Үздік қақпашы» – Виктор Бухряков (Кристалл)

 3. «Үздік қорғаушы» – Дейдар Жаканов (Риддер)

 Бірінші лиганың турнир кестесі:

 1. Кристал 38 ұпай

 2. Риддер 35 ұпай

 3. Айтиэл Group 31 ұпай

 4. TGK 26 ұпай

 5. Шекара 24 ұпай…

 Сондай-ақ дәл осы доданың Екінші лига командалары арасында асығы алшысынан түскен ұжымдар есімі анықталды. Барлық ойындарда тек бір мәрте жеңілістің кермек дәмін татқан «ШҚМТУ» футболшылары он төрт ойында 39 ұпай жинап өзгелерден едәуір қара үзіп кетті. Бұлардың ізін басып, «Ахмер-1» аяқдопшылары екінші орын, ал Ұлан ауданының «Донское» командасы үшінші орыннан көрінді. Төрешілер жағы «ШҚМТУ» құрамында өнер көрсеткен қақпашы Асхат Сайлатбектің шеберлігіне жоғары бағасын берген-ді. Үздік ойын өрнегімен төмендегі қатысушылар марапатталды:

 1. «Үздік шабуылшы» – Ернар Байбатыров (Донское)

 2. «Үздік қақпашы» – Асхат Сайлатбек (ШҚМТУ, Өскемен)

 3. «Үздік қорғаушы» – Жасұлан Қалымтаев (Ахмер-1)

 

 Фото автордікі

 

 

Дата и время публикации: 
04.10.19
Раздел: 
Новости
Три дня назад мировое спортивное сообщество просто ахнуло от удивления – впервые в истории человек сумел пробежать марафонскую дистанцию 42 км и 195 м менее чем за два часа. Как оказалось, к этому историческому свершению имеет отношение и Усть-Каменогорск.
15.10.2019
Детский тренер из Усть-Каменогорска отсудил своё право на работу в хоккейной школе «Торпедо» у ТОО «Алма-Сервис».
15.10.2019
Ұлан ауданының тумасы Ерлан Сейілханов Мароккода өткен дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды.
15.10.2019
«Торпедо» берёт реванш у «Металлурга» благодаря двум шайбам новичка команды и лиги в целом, а также одной шайбе самого преданного игрока клуба.
15.10.2019
После первого тура из-за неявки на игру команды "ТМК" лидером Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса с абсолютными показателями стал "1С-Рейтинг". Вся борьба ещё впереди.
14.10.2019
Самые яркие высказывания о старте нового сезона любительского волейбола Усть-Каменогорска.
14.10.2019