Главная

Ардагерлер тартысты ойын көрсетті

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде футзалдан 40-тан асқан ардагерлер арасында XII облыс және қала Біріншілігі аяқталды. Аталмыш дода қаңтар айында басталған-ды.

Бұл жолы тоғыз команда өзара бақ сынасты. Олардың арасында біршама тәжірибелі ұжымдар да болды. Жергілікті «ВКОАФ» футболшылары сенімді ойын өрнегін көрсетті. Өткізген сегіз ойынның тек біреуінде жеңіліп, ұпайдан да шашау шығармады. Төрешілер тарапы да осы команданың ойын деңгейіне лайықты бағасын берді. Одан бөлек, қыстың қытымыр аязына қарамастан, бір ойынды да қалт жібермеген Глубокое және Жарма аудандарының ұжымдары белсенділік танытты. Айта кетейік, "ВКОАФ" командасы сапында ШҚО футбол Қауымдастығының президенті, әрі облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюк болып, сапалы ойын өрнегін көрсетті. Жекелей номинацияларға келсек, «Кеден» сапындағы Сергей Гладков «Үздік қақпашы» деп танылды, Сергей Салий «ВКОАФ» командасынан «Үздік қорғаушы» деп ерекшеленсе, «Үздік шабуылшы» аталымына «Батыр» ұжымының ойыншысы Қиянат Тырнақов ие болды.

 – Ардагерлер арасында кездесулер үнемі тартысты өтеді, сонымен қатар жастарға да үлгі болады. Бос уақытты үйде теледидар алдында өткізгеннен гөрі, салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі жаттығу үстінде жүрудің берері мол. Тіпті, дзюдодан әлемдік додаларда жүлде алған Руслан Сейілханов сынды танымал спортшы, одан өзге де лауазымды жандар осы бәсекеде әдемі ойын көрсетті, – деді ШҚО футбол қауымдастығының атқарушы директоры Оралбек Адылханов.

Ал ойын нәтижесіне келсек, өткен жылы жеңімпаз атанған «Батыр» ұжымының ойыншылары биыл үшінші орыннан көрінді. Екінші орынға «кедендіктер» жайғасса,  21 ұпай жинаған«ВКОАФ» командасы топ жарды.

 

 

Фото төрешілер тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
10.04.19
Раздел: 
Новости
Мұндай нәтижеге Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктердің әсер еткені сөзсіз
14.09.2021
Аталған жарыста жерлестеріміз түрлі медальдар жиынтығына қол жеткізді.
13.09.2021
Шығысқазақстандық палуандар Нұрсұлтан Тұрсынов пен Алмат Кебіспаев Норвегияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
08.09.2021
Ресейдің Қазан қаласы еркін күрестен 21 жасқа дейінгі жеті мемлекеттің кіл мықтыларын жинап, ауқымды аламан өткізді. Аталған сында жерлесіміз Айдос Жылқайдаров та бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
07.09.2021
Похоже, что 9 лет тёмных времён для велоспорта Восточно-Казахстанского спорта подошли к концу – усть-каменогорская велосипедистка сенсационно выиграла бронзовую медаль юниорского Чемпионата Мира на треке.
06.09.2021
Токио Олимпиадасынан соң Ұлттық құрама сапында біршама өзгерістер байқалуда. Ерлер құрамасынан бөлек, бұрымдылар да бұдан былай жаңа бапкерден тәлім алады.
06.09.2021