Главная

«Мұрат» командасының мерейі үстем болды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде сәуірдің 27-28 күндері шағын футболдан 40 жастан асқан ардагерлер арасында Әділбек Сейілхановты еске алуға арналған ашық облыстық турнир өтті.

Биыл жетінші рет ұйымдастырылған шараға бас-аяғы 10 команда қатысты. Олар екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Өскемендік ұжымдардан бөлек, Глубокое, Үржар, Жарма аудандарынан және Павлодар қаласынан келіп бақ сынасқан-ды. Турнирді Әділбек Сейілхановтың жақындары, отбасы және ШҚО футбол Қауымдастығы тізе қосып ұйымдастырғанын айта кетейік. Cалтанатты ашылуында ұлдары, елге белгілі спортшылар: Ерлан, Руслан Сейілхановтар, одан бөлек, Ержан, Гүлмира, Жанна, Жомарт есімді балалары және марқұмның жұбайы Бақыт Сейілханова сөз алып, турнирдің дәстүрге айналып келе жатқанына разылықтарын білдірді.

Ойыншылар алғашқы күні толассыз жауын мен күн райының алабұртуына қарамай, тартысты ойындар көрсетті. Осы ретте, ұйымдастыру комитеті жарысқа тұңғыш рет қатысып отырған «Мақаншы» командасын ерекше атап өтті. Бұл ұжым әр ойында ерекше мінез танытып, жартылай финалға іркілмей жетті. Алайда ары қарай павлодарлық командаға жол берген. Аталмыш турнирде бірнеше мәрте топ жарып, түрлі сайыстарда жүлденің алдын бермей жүрген «Кеден» футболшылары да бар мүмкіндігін паш етті.

Сонымен, екі топтан суырылып шыққан төрт команда жартылай финалда жолықты. Бұл жерде «кедендіктер» «ВКОАФ» ойыншыларынан 1:0 есебімен басым түссе, Павлодардан келген «Мұрат» ұжымы «Мақаншы» командасына жауапсыз үш доп соғып, жеңіске жетті. Бұдан кейін үшінші орын үшін болған кездесуде «ВКОАФ» футболшылары үржарлық аяқ доп шеберлерін 2:1 есебімен қапыда қалдырса, жеңімпаз атағы сарапқа салынған ойында павлодарлық ұжым жергілікті «Кеден» командасын 1:0 есебімен сан соқтырды. Қортындысында, Әділбек Сейілхановты еске алуға арналған дәстүрлі турнирде «Мұрат» командасы үздік шықты. Екінші орынға «Кеден» футболшылары жайғасса, үздік үштікті «ВКОАФ» ұжымы түйіндеді. Жеңімпазға арнайы кубок табыс етілді. Командаларды марапаттау барысында марқұмның туысы, Азияның гір спорты федерациясының президенті, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхамедолла Ағзамов қатысып, қатысқан әр командаға алғыс білдірді.

 – Сіздерді келер жылы да осы жарыстан көреміз деген үміттемін. Әрине, дайындығы жоғары болған команданың жеңіске жетуі заңдылық. Осы ретте, павлодарлық команданың асығы алшысынан түскенін барлығымыз да көрдік. Бастысы, турнир тартысты болды, ойыншылар да жарақаттардан дін-аман, – деді еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Жарыс кезінде Әділбек Сейілхановтың алыс-жақыннан келген достарын да байқауға болады. Нұр-Сұлтан, Қостанай, Семей шаһарларынан, аймағымыздың түкпір-түкпірінен арнайы ат басын бұрған. Олар да өз кезегінде жылы лебіздерін білдіріп, сайыс деңгейінің жоғары екендігін атап өтті.

Ұйымдастыру комитеті әдеттегідей, ойында ерекшеленген қатысушыларды арнайы номинациялармен марапаттады.

 

Үздік қорғаушы – Сергей Дурницын (ВКОАФ)

Үздік қақпашы – Нұрлан Кемелбаев (Кеден)

Үздік шабуылшы – Александр Шевченко (Мұрат)

 

Алғаш рет қатысса да, сенімді ойын көрсеткен «мақаншылықтар» ендігі өткізілетін турнирлерге жиі қатысып тұруға тілек білдірген екен. Жеңіске жеткен павлодарлық ойыншылар болса, шығысқазақстандық ұжымдарды өздерінде өтетін жарыстарға қатысуға шақырды.

 

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
29.04.19
Раздел: 
Новости
Заманында Ауғанстан, Ираннан бастап Жапонияға дейін, Англия, Белгиядан Норвегияға шейін һәм АҚШ пен Мысыр елдеріне сапар шегіп, күрестен түрлі чемионаттарда жүлде алып, французша күрестен де олжа салған даңқты палуанның рухы Өскеменге келгендей болды. Неге екені белгісіз, Қажымұқан Мұңайтпасовтай біртуар балуанның есімі соңғы сәттерде аталмай, мүлде ұмыт қала бастағандай. Рухы дедік, бірнеше жыл бұрын облыс орталығындағы Жекпе-жек сарайына даңқты балуанның есімі берілді деген ақпар шыққан-тұғын. Дегенмен спортшылар мен бұқара жұрттың басым көпшілігі бұл жайттан бейхабар. Неліктен? Сайт тілшісі қала әкімдігіне сұраухат жіберіп, тақырыпқа тереңірек үңіліп көрген еді.
15.04.2021
Үржар ауданының тумасы жартылай финалда қырғыз палуанын ұтты.
14.04.2021
Қостанай қаласында өткен қазақ күресінен жастар арасындағы ел чемпионатында Тарбағатай ауданының тумасы Айдана Каменова үздік үштіктен көрінді.
13.04.2021
Сборная Казахстана по плаванию приняла участие в Открытом Чемпионате России по плаванию в Казани.
13.04.2021
Команда из Семея никак не может найти ту игру, которая позволяла ей стать главной сенсацией предыдущего тура.
13.04.2021
В городе на берегу Каспийского моря состоялся Кубок Казахстана по художественной гимнастике, главными действующими лицами стали спортсменки с берегов Иртыша.
13.04.2021