Главная

«Восток» бұрымдылары үздік шықты

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде сәуірдің 2-7 аралығында футзалдан қыздар арасында екі жас ерекшелігінде облыс Біріншілігі өтті. Бұл жолы жергілікті командалардың асығы алшысынан түсті.

«АлтайЭнерго» залындағы аяқ доп бәсекесі алты күнге созылды. Барлығы 12 команда қатысты. Оның ішінде алты команда 2001-2003 жылы туғандар, тағы алтауы 2004 жылы және одан кіші қыздар арасында жүлделі орындар сарапқа салды. Төрешілердің айтуынша, осы сайыс барысында өңірдегі әйелдер футбол ұжымдары арасында бақталастық арта түскен. Алайда кей аудандарда күн райының қолайсыздығына орай, командалар келе алмаған екен. Соған қарамастан, Біріншілік қатысушылары жеңіске деген жігер танытып, тартысты ойын көрсетті. Қорытындысында,  жеңімпаз бен жүлдегерлер төмендегідей орналасты:

 

2004 және одан кіші қыздар

 

1.Восток 2 (Өскемен) 15 ұпай

2.Семей 2 (Семей) 10 ұпай

3.Ұлан 2 (Ұлан ауданы) 10 ұпай

 

2001-2003 жылы туған қыздар

 

1.Восток (Өскемен) 12 ұпай

2.Семей (Семей) 12 ұпай

3.Ұлан (Ұлан ауданы) 12 ұпай

 

Осылайша, футболшылар жоғары көңіл-күймен үйлеріне тарқасты. Дегенмен сәуірдің ортасында Е.Рыжковты еске алуға арналған турнирде қайта бас қосады. Бұл жерде де қызу бәсекелестік белең алады деп күтілуде.

 

 

Фото төрешілер тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
10.04.19
Раздел: 
Новости
Заманында Ауғанстан, Ираннан бастап Жапонияға дейін, Англия, Белгиядан Норвегияға шейін һәм АҚШ пен Мысыр елдеріне сапар шегіп, күрестен түрлі чемионаттарда жүлде алып, французша күрестен де олжа салған даңқты палуанның рухы Өскеменге келгендей болды. Неге екені белгісіз, Қажымұқан Мұңайтпасовтай біртуар балуанның есімі соңғы сәттерде аталмай, мүлде ұмыт қала бастағандай. Рухы дедік, бірнеше жыл бұрын облыс орталығындағы Жекпе-жек сарайына даңқты балуанның есімі берілді деген ақпар шыққан-тұғын. Дегенмен спортшылар мен бұқара жұрттың басым көпшілігі бұл жайттан бейхабар. Неліктен? Сайт тілшісі қала әкімдігіне сұраухат жіберіп, тақырыпқа тереңірек үңіліп көрген еді.
15.04.2021
Үржар ауданының тумасы жартылай финалда қырғыз палуанын ұтты.
14.04.2021
Қостанай қаласында өткен қазақ күресінен жастар арасындағы ел чемпионатында Тарбағатай ауданының тумасы Айдана Каменова үздік үштіктен көрінді.
13.04.2021
Сборная Казахстана по плаванию приняла участие в Открытом Чемпионате России по плаванию в Казани.
13.04.2021
Команда из Семея никак не может найти ту игру, которая позволяла ей стать главной сенсацией предыдущего тура.
13.04.2021
В городе на берегу Каспийского моря состоялся Кубок Казахстана по художественной гимнастике, главными действующими лицами стали спортсменки с берегов Иртыша.
13.04.2021