Главная

Жолдаманың бірін Жанна иеленді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
42 шақырымдық марафон додасында бақ сынаған жерлесіміз Жанна Мамажанова Олимпиада ойындарына жолдама беретін нормативті орындап қана қоймай, сол додада топ жарды.

Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес Австрияның Фюрстенфельд қаласында өткен бәсекеде Жанна өз спорттық мәнсабындағы ең үздік нәтижені тіркеді. Айталық, төртжылдықтың басты бәсекесіне жолдама иелену үшін 2 сағат 29 минут 30 секунд уақытын көрсету керек болса, семейлік желаяқ 2 сағат 29 минут 01 деген уақытты көрсетті. Яғни, 42 км 195 м болатын қашықтықты екі жарым сағатқа жеткізбей бағындырған. Үздік нәтиже көрсетіп қана қоймай, жарыс бойы өзін өкшелеген чехиялық Тереза Хрочовадан бес секундқа озды. Ал үздік үштікті швециялық Ханна Линдхольм түйіндеді.

Айта кетейік, Жанна Мамажанова облыс қоржынына сегізінші Олимпиада ойындарының жолдамасын әперді.

Фотосурет спортшының жеке парақшасынан алынды

 

 

Дата и время публикации: 
26.05.21
Новости
Одна из красивейших спортсменок Усть-Каменогорска завершает свою спортивную карьеру. В беседе с нашим корреспондентом она подвела итоги 12 лет жизни в спорте. Было смешно.
24.06.2021
Михаил Дорошенко победил техническим нокаутом в турнире, открывающем историю нового промоушна.
24.06.2021
Күні кеше Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық іріктеуден өткен спортшылар тізімін жариялады.
24.06.2021
Дмитрий Карпов подвёл итоги XXX Мемориала Гусмана Косанова и немного заглянул в будущее после окончания летнего сезона.
23.06.2021
Казахстанский пловец Александр Варакин имеет отличные шансы отобраться на Олимпиаду в Токио. Об этом и многом другом он рассказал в интервью корреспонденту Prosports.kz.
22.06.2021
В сильнейшем волейбольном женском клубе страны продолжается подписная компания.
22.06.2021