Өздеріңізге мәлім, биылғы «Әлем барысы» додасында қос бірдей қазақстандық балуан боз кілемде финалда жолықты. Екеуі де жүріп өткен жолдарында небір мықтыларды сан соқтырды. Түркістан облысының өкілі Ерсұлтан Мұзафаровтың көрсеткен өнерін жанкүйерлердің жылы қабылданғаны сөзсіз. Себебі, салмағы да жеңіл, әрі айтарлықтай сенімді өнер көрсетті. Ал тәжірибесі толысқан семейлік спортшы өзінің оң жамбасынан келетін әдісін ойдағыдай орындап, жеңісінің айқын екендігіне еш шүбә келтірмеді. Іштен ілу – Айбектің келістіріп орындайтын әдісі. Сайт тілшісіне сайысқа қандай мақсат қойып барғандығын қысқаша айтып кеткен еді.
– Кез-келген спотшының мақсаты – жарыста жеңіп шығу. Көкейімде аталмыш аламанды екінші мәрте ұтсам деген үлкен мақсат болды. Сәті түсіп, жеңіске жеттік. Барлығы өз сәтімен келеді. Мұның артында үлкен еңбектің жатқанын да айта кеткен жөн, – деген еді шығысқазақстандық балуан.
Айбек бұл жетістігімен шектелмейді. Алда «Еуразия барысы» халықаралық жарысы, одан ары өзге де халықаралық, елішілік бәсекелер күтіп тұр.
Фото автордікі
Әділхан Есімханов
Заманында Ауғанстан, Ираннан бастап Жапонияға дейін, Англия, Белгиядан Норвегияға шейін һәм АҚШ пен Мысыр елдеріне сапар шегіп, күрестен түрлі чемионаттарда жүлде алып, французша күрестен де олжа салған даңқты палуанның рухы Өскеменге келгендей болды. Неге екені белгісіз, Қажымұқан Мұңайтпасовтай біртуар балуанның есімі соңғы сәттерде аталмай, мүлде ұмыт қала бастағандай. Рухы дедік, бірнеше жыл бұрын облыс орталығындағы Жекпе-жек сарайына даңқты балуанның есімі берілді деген ақпар шыққан-тұғын. Дегенмен спортшылар мен бұқара жұрттың басым көпшілігі бұл жайттан бейхабар. Неліктен? Сайт тілшісі қала әкімдігіне сұраухат жіберіп, тақырыпқа тереңірек үңіліп көрген еді. 15.04.2021 |
Үржар ауданының тумасы жартылай финалда қырғыз палуанын ұтты. 14.04.2021 |
Қостанай қаласында өткен қазақ күресінен жастар арасындағы ел чемпионатында Тарбағатай ауданының тумасы Айдана Каменова үздік үштіктен көрінді. 13.04.2021 |
Сборная Казахстана по плаванию приняла участие в Открытом Чемпионате России по плаванию в Казани. 13.04.2021 |
Команда из Семея никак не может найти ту игру, которая позволяла ей стать главной сенсацией предыдущего тура. 13.04.2021 |
В городе на берегу Каспийского моря состоялся Кубок Казахстана по художественной гимнастике, главными действующими лицами стали спортсменки с берегов Иртыша. 13.04.2021 |