Главная

«Әлем барысы» Өскеменге келді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін Өскеменге үшінші рет ұйымдастырылған «Әлем барысы» турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров келді. Тісқаққан балуан осымен екінші рет аталмыш додада топ жарды.

Төрт дүркін Әлем чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы, екі мәрте «Әлем барысы» атанған сақа спортшыны қарсы алуға қалалықтар мен оның жақындары келді. Айта кетейік, семейлік спортшы өзі өткізген белдесулерінде айдарынан жел есіп, айтарлықтай сенімді өнер көрсетті. Оның ішінде тартысты кездесу деп, жартылай финал мен ақтық сынды айтсақ артық болмас. Жартылай финалда осы жылы дзюдодан Әлем чемпионы болған Гурам Тушишвилимен шеберлік байқасты. Айбек өзінің сыралғы қарсыласының әдісін әбден меңгеріп, еркін қимылдауына мүмкіндік бермеуге тырысты. Бірақ Тушишвили алғаш болып ұпай алды. Шеберлігі шыңдалған шығысқазақстандық спортшы болса, ұрымтал сәтті күтумен болды. Сөйтіп жүргенде, іштен шалу әдісін сәтті қолданып, Гурамды баудай түсірді. Финалға жолдама алды. Бұл жерде оны Түркістан облысының өкілі, отандасымыз Ерсұлтан Мұзафаров күтіп тұрды. Оның алдында ресейлік Роман Бобиковтан айласын асырған жас балуан Айбекке лайықты қарсылық танытты. Тіпті жамбас ұпайын алғаш болып алған сол Ерсұлтан еді. Тәжірибелі шығысқазақстандық спортшы өзінен салмағы жеңіл қарсыласын тықсыртып алып, әдіс жасауға мүмкіндік бермеуге тырысты. Ерсұлтан соңғы минуттарда атойлап шабуылға шыққанда Айбек әдісін өзіне қарсы қолданып кетті. Онысы таза жеңіс болып есептелді. Сөйтіп, семейлік саңлақ екінші рет «Әлем барысы» атанды.
Облыс орталығына келген бойда, Айбек Нұғымаров аталмыш жарыс жайлы ойын ортаға салған еді.
– Бұл жарысқа осал спортшы келмейді. Барлығы да үлкен дайындықтан өткен. Әсіресе, өзбек, грузин балуандары жоғары әзірлікпен келген екен. Бастысы, әр белдесуім ойдағыдай өтті. Бапкеріммен жүргізген тыңғылықты жаттығулар өз жемісін берді. Қиынға түсті деп, ақтық сынды айтар едім. Себебі, Ерсұлтанмен үнемі оқу-жаттығу жиындарында жолығамыз, бір-біріміздің әдістерімізді жақсы білеміз, – деді «Әлем барысы».

Фото автордікі
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
03.12.18
Новости
Усть-каменогорское «Торпедо» впервые в своей истории не примет участие в российском хоккейном сезоне.
11.08.2020
Если раньше усть-каменогорский волейбол славился наличием настоящей кубинской диаспоры, то теперь, похоже, в Усть-Каменогорске формируется диаспора сербская.
10.08.2020
Уроженец Усть-Каменогорска Антон Худобин провёл второй полный матч после возобновления сезона НХЛ и принёс «Даллас Старз» первую победу в групповом раунде.
10.08.2020
Острый конфликт между тренерами Восточно-Казахстанской школы высшего спортивного мастерства (ВКО ШВСМ) по зимним видам спорта и ее директором дошел до суда. Газета "Караван", похоже, "назначила" виновного в тезисе, вынесенном в заголовок.
07.08.2020
Ольга Рыпакова проводит сбор в Усть-Каменогорске с именитым персональным тренером.
07.08.2020
Почему хоккейная школа «Торпедо», ныне находящаяся под игом ТОО «Алма Сервис» не сможет в ближайшем будущем выдавать на гора классные кадры?
07.08.2020