Главная

«Толағай сұлтаны» сайысында аударыспақтың үздіктері белгілі болды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында өтіп жатқан «Толағай сұлтаны – 2019» халықаралық-шығармашылық сайысында аударыспақтан бабы мен бағы қатар шапқан жігіттер есімі анықталды.

Білектілік пен ептілікті қажет ететін ерекше спорт түрінде 23 палуан өз мүмкіндіктерін байқады. Көрерменнің көз алдында жеребе тартылып, реттілікпен белдесулер басталған-ды. Алғаш болып Нұрберген Төрехан мен Рүстем Сәрсенәлі кездесіп, біршама тартысты белдесу көрсетті. Екеуі бірін-бірін ала алмай, үш минуттан артық ат үстінде «айқасты». Ақыры соңында Нұрберген белсенділік танытып, жеңіске жетті. Бұдан соң белдесулер тағдыры түрліше өрбіді. Бірі -  ат үстінен ауып түссе, бірі – қарсыласының аяғын үзеңгіден шығарып жіберді. Бірі – айлаға басса, бірі – аңысын аңдып барып жеңді. Әсіресе, түркістандық Әкбар Елубайұлы мен қарағандылық Нұрхан Тілеухан нағыз апайтөс палуандар кездесуін паш етті. Екеуі де алып, салмақтары да қарайлас. Бірін-бірі әбден титықтатқан соң Нұрхан ұрымтал сәтті пайдалана біліп, ұпай санымен басым түсті. Жергілікті жанкүйер асыға күткен көкпектілік Ерлан Әзімбаев алғашқы айналымнан аса алмады. Алматы облысынан келген Мейрамбек Рахимбаевқа еш әдіс қолдана алмай, жеңісті уыстан шығарып алды. Десе де оның алдындағы жмбы ату және теңге ілуде сәтті өнер көрсеткен болатын. Ал өткен жылы аталмыш додада топ жарған Абай ауданының үкілеген үміті Айдос Үркімбаев болса 3-ші айналымда Глубокое ауданының намысын қорғаған Тілек Мұхамедқановқа 15 секундтан артық қауқар көрсете алмады. Үшінші орын үшін Күршім ауданы атынан шыққан Ерасыл Ахметов пен жоғарыда аталған Мейрамбек Рахымбаев белдесті. Ерекшілігі сол, негізгі уақытта есеп тең болғандықтан қосымша белдесуге ұласты. Бұл жерде Мейрамбектің мерейі үстем болды. Ал ақтық сында Қарағанды облысы Қарқаралы өңірінен ат шалдырып жеткен Тілеухан Нұрхан Глубокое ауданының сенімін арқалаған Тілек Мұхамедқановқа еш мүмкіндік бермей, аударыспақтан жеңімпаз атанды.

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
24.08.19
Новости
В Усть-Каменогорске определился чемпион и призёры первенства Казахстана по лёгкой атлетике в мужском многоборье.
18.01.2020
Швейцария может выдохнуть спокойно – весь золотой запас этой страны не будет вывезен в Усть-Каменогорск, ведь этап Кубка Европы по могулу в Айроло вчера завершился.
18.01.2020
Второй соревновательный день первенства страны в помещении открыли ходоки, которые соревновались на дистанции 5000 м.
18.01.2020
Результаты первого соревновательного дня Чемпионата Казахстана по лёгкой атлетике.
17.01.2020
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
17.01.2020
На Чемпионате Казахстана по лёгкой атлетике в Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград.
17.01.2020