Главная

Тәжірибе мен жастық текетіресі

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Көкпекті ауданында кіл мықты жігіттердің басын қосқан «Толағай сұлтаны» сайысында жұрт назары ауған қызықты шаралар көп болды. Соның бірі – еріктілер қатысуға мүмкіндік алған «белбеу күресі».

Иә, расымен де жұрт назарын аудартқаны рас. «Толағай сұлтаны» боламын деп талаптанып келген қатысушылар қазақ күресінен өзара кім мықтыны анықтап жатқанда қатарлас боз кілемде «белбеу күресі» өтізіліп жатқан еді. Бастапқыда бақ сынағысы келгендер тіркеліп жатқанда жанкүйерлер қарасы аз еді. Бірінші белдесу бастала салысымен халық назары осы жаққа ауды. Біртіндеп әлгі жерге күрес дегенде ішкен асын жерге қояр жандар үймелеп алды. Көкпекті ауданына қарасты Бастаушы ауылында тұратын Төлен Кәрменов есімді 60-тан асқан аға буын өкілі ақтық сынға дейін айдарына жел есіп, сенімді өнер көрсетті. 60-тан асса да бүкіл ғұмырында спорттан шет жүрмегені анық байқалды. Екінші топта еркін күрестен елішілік додаларда топ жарып жүрген Шыңғыс есімді Көкжыра ауылының тумасы өзгелерден бір бас жоғары болды. Тәжірибе мен жастық «айқасқа» түскен кездесуде Шыңғыстың басымдығы байқалған еді, алайда ағасын сыйлаған өрен жеңісті Төлен ақсақалға сыйлады. Жұрт та разы, еріктілер де өз мүмкіндіктерін байқады. Ал осы додада Зайсан ауданының өкілі үшінші орынға ие болды.

Жеңімпазға – 30 мың, екінші орынға – 20 мың, сондай-ақ үшінші орыннан көрінген қатысушыға 10 мың теңге көлемінде сыйақы табысталды.

Шыңғысқа еркін күрестен білгенін үйреткен бапкері Талғат Қасаинов шәкіртінің жеңісті ағасына бергенін мәрттікке санап, жарыстың жоғарыда деңгейде ұйымдастырылғанын атап кетті.

 

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
24.08.19
Новости
Заманында Ауғанстан, Ираннан бастап Жапонияға дейін, Англия, Белгиядан Норвегияға шейін һәм АҚШ пен Мысыр елдеріне сапар шегіп, күрестен түрлі чемионаттарда жүлде алып, французша күрестен де олжа салған даңқты палуанның рухы Өскеменге келгендей болды. Неге екені белгісіз, Қажымұқан Мұңайтпасовтай біртуар балуанның есімі соңғы сәттерде аталмай, мүлде ұмыт қала бастағандай. Рухы дедік, бірнеше жыл бұрын облыс орталығындағы Жекпе-жек сарайына даңқты балуанның есімі берілді деген ақпар шыққан-тұғын. Дегенмен спортшылар мен бұқара жұрттың басым көпшілігі бұл жайттан бейхабар. Неліктен? Сайт тілшісі қала әкімдігіне сұраухат жіберіп, тақырыпқа тереңірек үңіліп көрген еді.
15.04.2021
Үржар ауданының тумасы жартылай финалда қырғыз палуанын ұтты.
14.04.2021
Қостанай қаласында өткен қазақ күресінен жастар арасындағы ел чемпионатында Тарбағатай ауданының тумасы Айдана Каменова үздік үштіктен көрінді.
13.04.2021
Сборная Казахстана по плаванию приняла участие в Открытом Чемпионате России по плаванию в Казани.
13.04.2021
Команда из Семея никак не может найти ту игру, которая позволяла ей стать главной сенсацией предыдущего тура.
13.04.2021
В городе на берегу Каспийского моря состоялся Кубок Казахстана по художественной гимнастике, главными действующими лицами стали спортсменки с берегов Иртыша.
13.04.2021