Главная

Алтайлық атлетке артылар сенім мол

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін Тайландта ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты жалауын көтереді. Бас бапкер Юрий Мельников жауапты жарыста қай спортшылардан жүлде күтетіні жайлы ой бөліскен еді.

 Естеріңізге сала кетейік, Паттайя қаласында өтетін аламанда екі жерлесіміз өнер көрсетеді. Бірі – 76 келі дәрежесіндегі семейлік Екатерина Быкова, бірі – 89 келі салмақта бақ сынайтын Алтай ауданының тумасы Денис Уланов. Ұзын-ырғасы тоғыз зілтемірші ел намысын қорғайды. Осы ретте Ұлттық құраманың бас бапкері алға қойған жоспар жайлы ойын ортаға салды.

 – Іріктеудің жаңа жүйесін ескере келсек, атлеттеріміз үшін басты мақсат – жекелей сында ұпайлар жинау. Әйелдер арасында 55 келіде сынға түсетін Зүлфия Чиншанлоның жолына сеніммен қараймыз. Ерлер сапында бірнеше спортшы бабына ене бастағанымен, соның ішінде 89 келі салмақта мүмкіндігін байқайтын Денис Улановтан үміт күтеміз. Өзге салмақта да жүлде алып қалуы мүмкін деген спортшылар бар, дегенмен оларда азуы алты қарыс қарсыластар жетерлік. Сондықтан қандай нәтижелер боларын сайыс көрсетеді, – деді Юрий Мельников.

 Бір айта кетерлігі, бұл додаға биыл тұңғыш рет 120 елден спортшылар келіп қатысқалы отыр. Ал жалпы зілтеміршілер аламаны өз тарихында осымен 85-ші рет ұйымдастырылды.

 Материал onlygoldmedal сайты дерегімен әзірленді

 

 

Дата и время публикации: 
18.09.19
Новости
После первого тура из-за неявки на игру команды "ТМК" лидером Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса с абсолютными показателями стал "1С-Рейтинг". Вся борьба ещё впереди.
14.10.2019
Самые яркие высказывания о старте нового сезона любительского волейбола Усть-Каменогорска.
14.10.2019
«Торпедо» пропустило 1200-ю шайбу в регулярных чемпионатах ВХЛ.
14.10.2019
Летний легкоатлетический сезон для сборной Казахстана завершается всё-таки на положительной ноте – в нашу пользу пересмотрены итоги Азиатских Игр-2018 в Джакарте.
14.10.2019
Наш обзор первого игрового дня Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса.
13.10.2019
В ВХЛ осталось всего две команды, которым Евгений Рымарев ещё не забивал.
13.10.2019