Главная

Ауыр атлеттер Азия чемпионатына әзірленуде

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қазір ауыр атлетикадан еліміздің Ұлттық құрамасы Қытайда өтетін құрлықтық чемпионатқа қызу дайындық үстінде. Осы додада спортшылар барынша жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 2-сі күні Шымкентте ерлер және әйелдер арасында еліміздің жеке-командалық Кубогі және чемпионаты өз мәресіне жеткен еді. Бас бапкер Юрий Мельников аталмыш жарыста бірінші нөмірлі зілтеміршілерді қатыстырмады. Есесіне, әр салмақта жаңа есімдердің барына көз жеткізді. Шымкент төріндегі додаға Шығыс Қазақстан облысы барынша мықты құраммен өнер көрсетті. Тек Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Ұланов қана чемпионаттан шет қалды. Әрине, жерлесіміз осы кезде құрама үзідктерімен маңызды оқу-жаттығу жиынында жүрген болатын. Еліміздің жеке-командалық Кубогі және чемпионаты аяқталған соң, бапкерлік құрам бар күшті тек Азия чемпионатына жұмылдыруда. Енді ауыр атлеттеріміз жоғары дайындықты Ресейдің Сочи қаласында өткізеді. Айта кетейік, Азия чемпионаты сәуір айында Қытайдың Нингбо қаласында өтеді.

 

Фото спортшының жеке мұрағатынан алынды

Материал еліміздің ауыр атлетика федерациясы дерегімен әзірленді

Дата и время публикации: 
07.03.19
Новости
Өскеменде өткен еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында алғаш рет бақ сынаған тарбағатайлық палуан белдесуімен талайды таңырқатты.
24.02.2020
Юниорская сборная Казахстана в составе 18 спортсменов прибыла в столицу Белоруссии, и уже завтра ей предстоит выступить на международной матчевой встрече в столице Белоруссии Минске. Чего стоит ждать от наших спортсменов на этом старте? Ведь второй раз просто обязан быть лучше первого.
24.02.2020
Көкпекті ауданының тумасы Үндістанда өткен сайыста құрлық көлемінде өзін теңдессіз екендігін тағы бір дәлелдеді.
24.02.2020
«Торпедо» проиграло и второй матч 1/8 финала Кубка Петрова.
24.02.2020
«Орика» и «Нурорда» предстали перед публикой в весьма обновлённых составах.
24.02.2020
Тот, кто не видел противостояния между «Триалом» и «ТЭЦ», тот может смело завязывать себе глаза, и не снимать повязку всю свою жизнь, потому что более ничего подобного увидеть всё равно не удастся.
24.02.2020