Главная

Бұйырғаны бес медаль

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Облыс тарихында ауыр атлетикадан жеке-командалық чемпионат осымен үшінші рет онлайн режимінде өтті

Соған қарамастан біршама тәжірибелі зілтеміршілер тұғыр сатысындағы орындарынан төмендеп, жеңімпаз ретінде жаңа есімдерді естуге мәжбүр болды. Бір айта кетерлігі, биыл Қостанай облысының спортшылары бұрынғыға қарағанда едәуір қарқын қосып, бір емес, бірнеше алтын медаль иеленді. Аталған додада жерлестерімізді төмен нәтиже көрсетті десек әбестік болар. Өзгелерден оқ бойы озық шықпаса да, барлық медаль жиынтығын қоржынға салды. Көптен бері сайыстарда көрінбей кеткен Дмитрий Каплин де тәуір нәтиже көрсетіп, бапкерлер сенімін ақтай білді. Бұл атлет әсіресе 2014-2015 жылдары түрлі додаларда атой салып, небір тісқаққан зілтеміршілерге лайықты қарсылыс көрсеткен тұғын. Айталық, 2015 жылы Талдықорған қаласында өткен Спартакиадада 105 келіден жоғары салмақта қола медаль 405 (185+220) келі еншілеп, жүлделі үшінші орыннан көрінсе, араға екі ай салып, Грозный қаласында өткен Ресей Федерациясының кубогінде кіл мықтылар арасында бесінші орын иеленіп, өзінің жеке рекордын орнатты.

Ал бұл жолы шымкенттік Ибрагим Берсановты алға жіберіп, 109 келіден жоғары салмақта күміс медальді 356 (166+190) келі мойынға тақты. Дәл осы салмақта қола медаль оның командаласы Антон Еременкоға бұйырды.

Жекелей жаттығу бойынша өткен ауыр атлетикадан жеке-командалық ел чемпионатында тұғыр сатысына көтерілген жерлестеріміз:

1. Дарья Павлова 209 (93+116) келі (71 келіде үшінші орын)

2. Екатерина Быкова 220 (93+127) келі (76 келіде бірінші орын)

3. Дамир Бейсенғалиев 310 (140+170) келі (96 келіде екінші орын)

4. Дмитрий Каплин 356 (166+190) келі (+109 келіде екінші орын)

5. Антон Еременко 313 (143+170) келі (+109 келіде үшінші орын)

Дата и время публикации: 
17.03.21
Новости
В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир на призы теннисного центра «SMASH». Финалы получились яркими - завершающей вспышкой.
18.06.2021
Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады.
18.06.2021
В Усть-Каменогорске определились финалисты одиночного разряда республиканского турнира на призы теннисного центра «SMASH».
17.06.2021
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021