Главная

Қостанайға барып рекорд орнатты

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық зілтеміршілер жуырда Қостанайда өткен 2005 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті.

Елішілік додалардан қашан да мол жүлдемен оралатын атлеттер бұл жолы да құр қол қайтпады. Ең алдымен, биыл қатысушылар санының едәуір артқанын ұйымдастырушылар ерекше атап өтті. 317 спортшы. Бұған дейін мұнша қатысушы жиналмаған екен. Соған орай, әр салмақта бәсеке артып, бірнеше рекордтың да мұрты бұзылған. Ал бастысы, шығысқазақстандық бұрымдылар бар мүмкіндіктерін паш етіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді. Қызылорда, Ақмола, Алматы облыстарына қарсы тұру да оңай іс емес. Осы аталған командалар арасынан Қызылорда қаласының зілтеміршілері үздік шықты. Екінші орынға Алматы облысының атлеттері жайғасқан-ды. Медаль алуға жол тартқан 29 атлеттің төртеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сонымен, аптаға созылған атлеттер аламанында жерлестерімізден мына жеткіншектер тұғырға көтерілді:

 

Қыздар арасында 32 келі салмақта (7 қатысушы)

 

1.Александра Беленко 79 (34+45) кг 1орын

 

36 келі (7 қатысушы)

 

2.Софья Шалгина 73 (32+41) кг 3 орын

 

49 келі (5 қатысушы)

 

3.Евгения Танченко 98 (45+53) кг 3 орын

 

Жасөспірімдер арасында 45 келі (41 қатысушы)

 

4.Юрий Калич 132 (58+74) кг 2 орын

 

Жоғарыда рекордтар жайын сөз еткенде, бір шеті біздің спортшыларға да қатысты еді. Атап айтсақ, 32 келідегі Александра Беленко 79 (34+45) жұлқа, серпе және қоссайыс бойынша бәрінен жоғары көтеріп, үш рекорд орнатты. Одан бөлек, Юрий Калич те 132 (58+74) жаттығудың екі түрінен, сондай-ақ қоссайыс бойынша рекордқа түзету енгізген екен. Юрийдің күмісі жасөспірімдер командасына алтыншы орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.

 

Фото ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
15.05.19
Новости
Вспомним, что происходило в этот день в восточноказахстанском спорте в предыдущие годы.
07.04.2020
Глава Федерации лёгкой атлетики Казахстана Асхат Сейсембеков поделился своим мнением о том, что хотел сказать Касым-Жомарт Токаев своим нашумевшим «твитом».
06.04.2020
Давайте вспомним, что происходило в спорте ВКО 6 апреля в предыдущие годы.
06.04.2020
Легкоатлет "Алтай Атлетикс" выложил фото со стройки в форме своего клуба.
06.04.2020
Стали известны соперники сборной Казахстана по смешанному волейболу на Кубке Наций.
05.04.2020
Самая звёздная из действующих гимнасток Усть-Каменогорска Рената Жолдинова после великолепного выступления в Кубке Казахстана и завоевания серебряной медали в многоборье в соцсетях намекнула на возможность завершения карьеры. В эксклюзивном интервью нашему изданию Чемпионка Азии пояснила причины появления подобных мыслей.
03.04.2020