Главная

Шығысқазақстандық зілтемірші жүлдеге сәл жетпеді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Кеше Тайландта ауыр атлетикадан Олимпиада ойындары алдындағы іріктеу сайысы ретінде өткізілген халықаралық жарыс өз мәресіне жетті.

Яғни, бұл сында үздік нәтиже көрсеткендері Токиодағы аламанға жолдама иеленуге бір табан жақындайды. Чиангмай қаласындағы ауыр атлеттер сайысында ел құрамасы бес спортшымен өнер көрсетті. Бұл ретте, Ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельников осыған дейін халықаралық сайыстарға шығып көрмеген спортшыларды апарған екен. Алайда бесеуінің ішінде 109 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында топ жарған Ибрагим Берсанов бар еді. Ірі бәсекенің шетін көрген. Енді ол ересектер арасында жүлде үшін талас жүргізді. Бапкер сенімін ақтап, Талдықорған қаласының тумасы екінші орыннан көрінді. Қоссайыс бойынша 372 келіні (172+200) еңсерген екен. Зілтеміршілер арасында жалғыз жерлесіміз Лидия Ануфриева да жарыс жолына шықты. Осыған дейінгі ел чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсетіп жүрген спортшының бұл халықаралық деңгейдегі алғашқы додасы болды. Нәтиже жаман емес. Алайда өзі сынға түскен 59 келі салмақта жүлдеге іліне алмады. Қоссайыс бойынша 174 (75+99) келіні көтеріп, В тобында төртінші орынға ие болды. Әрине, құрлық бойынша бұл салмақта бәсеке қызып тұр. Дегенмен, шығысқазақстандық спортшының қола медальға қол созым жерде қалғанының өзі жаман нәтиже емес. Одан бөлек, 81 келіге дейінгі салмақта Нұрлыбек Сәменов 333 келімен (153+180) тұғырдың ең биігінен көрінді. 102 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Әлихан Шайхидинов қырғызстандық атлетке ғана жол беріп, бәсекенің күміс медальін мойынға тақты. Қоссайыс бойынша ол 325 (145+180) келіні еңсерді. Сондай-ақ, 109 келіден жоғары салмақта Селимхан Әбубакар қола медальға қол созды. Селимхан екі жаттығу бойынша 370 (170+200) келі көтеріп, халықаралық жарыстың жүлдегері атанды. Сонымен, Тайландтағы чемпионаттан отандастарымызға бір алтын, екі күміс және бір қола медаль бұйырды.

 

Материал еліміздің new.wfrk.kz сайты дерегімен әзірленді

Фото сайт мұрағатынан

Әділхан Есімханов

 

Дата и время публикации: 
11.02.19
Новости
Сегодня в столице Белоруссии Минске прошёл открытый чемпионат Белоруссии по спортивной ходьбе. Представительница «Алтай Атлетикс» завоевала бронзовую награду.
24.08.2019
Усть-каменогорские мастера прыжков на батуте великолепно проявили себя на международном турнире в Грузии.
24.08.2019
Ольга Рыпакова выступит на заключительном перед финалом этапе "Бриллиантовой лиги" в Париже.
24.08.2019
Воспитанница усть-каменогорской школы волейбола Кристина Аниконова набрала четыре балла в матче с островитянками.
24.08.2019
«Сухарь» Валерия Севидова позволил «Алтай Торпедо» второй год подряд выйти в финал Кубка Казахстана, несмотря на поражение от «Бейбарыса».
23.08.2019
В Усть-Каменогорске прошла Спартакиада среди ветеранов, одной из дисциплин которой были состязания по волейболу.
23.08.2019