Главная

Ала доп аламанының ауқымы артып келеді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қарашаның 27-сі мен желтоқсанның 1-і аралығында Қасым Қайсенов кентінде «Жастар жылы» аясында және спорт ардагері Азамат Жакуповты еске алуға арналған волейболдан VII ашық облыстық турнир өтті.

Айта кетейік, Ұлан ауданы Никитинка ауылының тумасы, атақты жерлесіміз Азамат Жакупов ҚазССР Мемлекеттік спорт комитеті министрінің бірінші көмекшісі қызметін атқарған. 1983 жылы Мәскеу қаласында өткен  жастар мен студенттердің Дүниежүзілік фестивалі, 1985 жылы Италияда өткен Бүкіләлемдік Универсиаданың қатысушысы.

Осы орайда спорт саласына қосқан сүбелі үлесі үшін ауданның атымтай жомарттары, туған-туыстары биыл да  ауқымды турнир өткізуді жөн санаған екен. Жарыстың салтанатты ашылуына Азамат Жакуповтың туыстары, достары, замандастары, спорт ардагерлері және аудандағы мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты. Алдымен аудан әкімінің  орынбасары Нұржан Абдыкаримов жарыс шымылдығын ашып, спортшылардан тартысты да сапалы ойын күтетіндігін жеткізді.

Аталмыш сайысқа 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туған қыздар қатысты. Республика және облысымыздан 15 команда сапындағы 150 спортшы сыңға түсті. Ашық облыстық турнир болған соң, облыстағы командалардан бөлек, сонау Екібастұз бен Талғар шаһарларынан волейболшылар келіп, сайыс көркін қыздыра түсті. Десе де 2003-2004 жылдары туған қыздар арасында өңірдегі Спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат колледжіне тең келері болмады. Олардың ізін ала, талғарлықтар екінші, екібастұздықтар тиісінше үшінші орыннан көрінді.

Төрешілер тарапы бірқатар қатысушыларды көрсеткен ойын өрнегіне қарай арнайы марапаттауды жөн көрді: «Үздік қорғаушы» – Гүлім Тусупова (Өскемен қаласы); «Үздік байланыстырушы» – Мөлдір Нурлан (Екібастұз қаласы), «Үздік шабуылшы» – Надежда Иванченко (Талғар қаласы); «Үздік техникасы үшін» – Айсұлу Мұхтарқызы (Талғар қаласы), «Үздік ойыншы» Анель Таурбекова (Өскемен қаласы). Сонымен қатар сайыстың «Үздік жаттықтырушысы» аталымына Екібастұз қаласынан Борис Кузнецов ие болды. Ал 2005-2006 жылдары туған қыздар арасында үздік үштікке бірыңғай шығысқазақстандық ұжымдар жайғасты. Айталық, Үржар ауданы – бірінші, «Ұлан 1» (Қ. Қайсенов кенті, жаттықтырушы Е.Д. Карменов); командасы – екінші және «Ұлан 2» волейболшылары (Асубұлақ кенті және Мамай батыр ауылы, жаттықтырушылары Аучинов О.Е. және  Қуанғанов С. Н.) жүлделі үштікті қорытындылады. Ал аталымдар бойынша ойыншылар келесідей марапатталды:  «Үздік тосқауылшы» – Анель Кабделова (Мамай батыр ауылы); «Үздік либеро» – Қарашаш Мұқатаева (Сағыр ауылы); «Үздік байланыстырушы» – Аяулым Есжанова (Қ.Қайсенов кенті), «Үздік шабуылшы» – Рабиға Бекбауова (Асубұлақ кенті) және «Үздік техникасы үшін» Жанель Нұрғазиева (Үржар ауданы) ерекшеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрметті грамота, медальдар, кубоктар және демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталғанын айта кеткен орынды.

Ұлан ауданы БЖСМ әдіскері Назгүл Үйсембаева

Дата и время публикации: 
01.12.19
Раздел: 
Новости
Сегодня не стало директора восточноказахстанского филиала Федерации Тенниса Казахстана Александра Липова.
11.07.2020
Сегодня патриарху тренерского цеха женского волейбола ВКО Николаю Ивановичу Благову исполнилось бы 70 лет. Его душа и сердце были слишком большими, чтобы ограничиться дежурными словами о том, что это был великий тренер, который подарил нам радость профессионального женского волейбола в нашем регионе. Жизнь Николая Ивановича – тема для большого биографического труда. И сегодня мы постараемся познакомить вас с мэтром поближе, хотя, признаемся, белых пятен в его истории ещё очень и очень много.
11.07.2020
В «Торпедо» не стали делать секрета из того, как именно изменились планы предсезонной подготовки старейшей команды страны в связи с ремонтными работами во Дворце Спорта им. Б. Александрова.
07.07.2020
Сегодня исполнился ровно год с тех пор, как в Алматы отгремел, не побоимся этого слова, лучший в истории международный турнир по лёгкой атлетике памяти Гусмана Косанова. Почему именно 29-е в истории проведение этого турнира стало самым успешным в истории? Своё мнение на эту тему изложил один из наших авторов.
07.07.2020
«СЭ» продолжает цикл материалов — «звезды, которые ушли слишком рано». Мы рассказываем о выдающихся хоккеистах, которые многого добились по ходу игровой карьеры, но чья жизнь, к сожалению, продлилась не так долго. В очередном материале — история олимпийского чемпиона, нападающего Бориса Александрова.
06.07.2020
Доверилась суперфотографу Наталье Чечулиной и не прогадала.
05.07.2020